Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері республикалық онлайн-олимпиадада жеңімпаз атанды

Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша ел жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен ХІІ республикалық онлайн олимпиадада 3-курс студенттері Адэль Мырзағалиева, Ұлжан Ержанова, Балдырған Қалитова 3-орынға ие болды.

Сайыста 19 жоғары оқу орны бақ сынасты. Команда мүшелері Жеңістің 75 жылдығына арнап «Біз соғысты көрген жоқпыз» тақырыбында эссе жазып, Абай мұрасының тұлға қалыптастырудағы рөлін айғақтайтын «Ұлтты Абайша сүю» жобасын қорғады.

Білім беру бағдарламасының менеджері Қарлығаш Барбосынованың жетекшілігімен біздің студенттер бірнеше жыл қатарынан пәндік олимпиаданың жеңімпаздары болып келеді.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo