Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері республикалық жас журналистер олимпиадасынан табысты оралды

Қарағанды қаласында өткен жас журналистердің Х республикалық пәндік олимпиадасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері университет намысын абыроймен қорғап қайтты.

Өскемендік жас журналистер команда атын «Алтай арасы» деп алып, таныстыруларын дайындады. Одан соң жергілікті «Алтай» телеарнасының мамандарымен бірлесе, өңірлік журналистикадан сыр шертетін «Теливизия және дәуір» тақырыбында бейнесюжет әзірледі. Осыдан барып Қарағандыға жол тартты.

 Е. Бөкетов атындағы қара шаңырақта еліміздің жоғары оқу орындарынан келген 16 команда құрамындағы 48 студент бас қосты.

Бұл сайыс қазақ журналистикасының алпыс және ҚарМУ-дың журналистика мамандығының жиырма бес жылдығымен тұспа-тұс келді. 

Алғашқы күні бейнесюжет пен таныстыру, екінші тур эсселер байқауы болды. Осы сында С. Аманжолов атындағы білім ордасының студентері максималды 90 ұпайдың 89-ын еншіледі. Кешке студенттер Қарағанды қаласына экскурсия жасады, ҚарМУ-дың мұражайын аралап, университет тарихымен танысты. Қатысушыларға шағын концерттік қойылым көрсетілді.

Келесі күні қатысушылар пән бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Олимпиаданы «Жедел ақпарат» кезеңі қортындылады. Мұнда аз уақыт ішінде әр команда қысқа ақпарат жазып, көптеген сайттарға жариялады.

 – Бәсекелестік жоғары болды. Алайда, оқытушыларымыздың арқасында теориялық білім мен сөз саптауымыздың еш кем еместігіне көз жеткіздім. Алдағы уақыттағы олимпиадаға жіберген кем-кетіктерді толтырып, жоғары дайындықпен барамыз, – деді топ басшысы Оразай Жеңіс.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ командасы «Үздік бейнесюжет» номинациясы бойынша үшінші орыннан көрінді.

Әділхан Есімханов,  

журналистика мамандығының 2 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo