Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Адиканова «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру» пәнінен онлайн ашық дәріс өткізді.
Дәріске ақпараттық жүйелер мамандығының 3-курс студенттері, кафедра оқытушылары, университет қызметкерлері қатысты.
Студенттер Бақдәулет Адалбек («Юпитер Lighting фирмасының желілік нұсқадағы автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жобалау»), Асылзат Егізбаева («Робототехникалық интеллектуалдық компоненті негізінде жасалған бейнебақылау камерасы»), Асқар Бейсехан («Кітапхана ресурстарын виртуалды түрде пайдалану мақсатында web сайт әзірлеу»), Әділет Амангелдин («Автомобильге арналған ультрадыбыстық парктроник конструкциясын құрастыру») курстық жұмыстарынын таныстырды. Олар тапсырыстарды кәсіпорындардан алған.
Студенттер жақсы нәтижеге жетуге университеттегі «ROBOLAB» зертханасының көп пайдасы тигенін атап өтіп, оқытушыларына алғыс білдірді.