Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына барды

31 мамыр күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына барды.

Бұл күн – ел азаттығын аңсап, езгіге қарсы бас көтерген халықтың тарихындағы қаралы күн. Еш айыпсыз кінәлі деп танылып, қатыгездікпен жазаланған қаншама адам  жаппай қуғын-сүргіннің құрбанына айналды, олардың басым бөлігін ұлттың ұйытқысы болып, халықтың мұң-мұқтажын жасырмай айта білген зиялылардың өкілдері құрайды.

Басы тәуелділікте болып, бостандығынан айырылса да, жаны тәуелсіз болған батырларын егемен елдің жастары ұмытуға хақылы емес. «Өткеніңді ұмытсаң, болашақ саған тас атады» - деген сөздерді жадына сіңіртіп, өткенге тағзым жасауға тәрбиелеу – қазіргі оқу орындарының білім берумен қатар жүретін ажырамас міндеті. Осы себепті С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері азап пен қайғыны еске түсірумен қатар, асқақ арманға жетелеген биік рухтан, әділеттіліктің жолынан тайдырмайтын қайтпас қайсарлықтан сыр шертетін мұражайға жол тартқан еді.  

Мұражай басшысы Бегимханова Фариджа Кенжебайқызы сол бір 1937-жылдардағы хал-ахуал, халықтың басынан өткен ауыртпашылықтар жөнінде  сөз тарқатып, студенттерді заттай деректермен таныстырды.

Сондай-ақ, студенттер КСРО ПХҚ жанындағы Айрықша Кеңестің 1943 жылғы 13-қаңтардағы үкімімен 10 жыл бас бостандығынан айыруға кесілген С.Бажекеновтың жұбайы Бажекенова Асипа Темірханқызының өз аузынан басына қара бұлт үйіріліп, тағдырдың емес, жекелеген адамдардың бұйрығымен болған ауыр жағдайды бастан кешкен халықтың өмірі туралы естуге мүмкіндік алды. Жастар Асипа Темірханқызының өмірлік естеліктерінен терең сырды ұға білген тәрізді.

Бұл кездесу, бұл сырласу, мұражайда өткен бұл іс-шара отансүйгіш жастарды тәрбиелеу ісіне өзіндік үлесін қосты деген сенімдеміз.  

Студенттер мен жас ғалымдардың

ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

Қазақ
× You found a Typo