Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері құқықтану мамандығының студенттерімен кездесті.

Жиында кәсіби бағдар беру, ЖОО түлектерінің аталмыш департаментке жұмысқа орналасуы мәселелері қаралды.

– Біз оқу үрдісіне өз тәжірибемізді енгізбекшіміз. Болашақ заңгерлер полиция қалай жұмыс істейтінін білуі тиіс. Түлектеріңізді департаментімізге қызмет етуге шақырамыз, – деді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, подполковник Е. Закимов.

Ол соңғы 5 жыл бойы ШҚО тергеу қызметі елімізде үздік аталып келетінін айтты.

– Тергеуші мамандығы да, жалпы тергеу қызметі де зор беделге ие болып отыр. 25 жылда ШҚО Полиция департаментінде кәсіби мамандар шоғыры құрылды, – деді Е. Закимов.

Департамент тергеушілері тұрақты жалақы алады, ол шілдеден бері 55 пайызға өскен, сондай-ақ олар магистратурада тегін оқумен, медициналық сақтандырумен, пәтер жалдау ақысымен және т.б. қатылған.

Болашақ тергеушілерді дайындау үшін департамент елдегі үздік құрал-жабдықтармен жарақталған өз криминалистикалық полигонын ұсынуға әзір.

– Тәжірибесіз теория жоқ, бірақ жақсы теориясыз тәжірибе де болмайды, – деді орынбасар.

ШҚМУ проректоры И. Ровнякова студнттер оқу жетістіктерінің соңғы сыртқы бақылауында болашақ заңгерлер 95 балл алғанын атап көрсетті.

– 27 жыл бойы ШҚМУ құқық қорғау органдарына мамандар даярлауда. Бізде заңгерлерді оқытатын мықты база құрылған. Кезінде ШҚМУ заң мамандарын дайындау бойынша елімізде үшінші орын алатын. Біздің түлектеріміздің көбі органдардың басшылық лауазымдарында табысты қызмет етіп жүр, олар – студенттерге үлгі, – деді И. Ровнякова.

Болашақ жоспарларды талқылаған тараптар кездесу соңында естелік суретке түсті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo