Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері «Шығыс Қазақстанның киелі жерлер цифрлық форматта» жобасын таныстырды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Цифрлық форматтағы тарих: мәселелері және даму келешегі» халықаралық дөңгелек үстеліне қатысты.

Аталмыш онлайн режимдегі дөңгелек үстел «Цифрлық Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында және «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» жобасын, Жастар жылы іс-шараларын іске асыру мақсатында өтті. 

Іс-шараны облыстық білім басқармасының Өңірлік білім саласындағы жаңа технологиялар орталығы мен ШҚМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасы ұйымдастырды. Жиынға «Цифрлық гуманитаристика» тәжірибелік бағдарламасы бойынша оқып жатқан 1 курс студенттері, Ресейдегі Қазан университеті ІТ-лицейінің оқушылары, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының ұстаздары мен білім алушылары қатысты.

Дөңгелек үстел мақсаты жастардың тарихты зерттеудегі ІТ-құзіреттіліктерін жетілдіру, цифрлық форматтағы тарихи білімдерді насихаттау және тәжірибе алмасу болды.

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ж. Әубәкірова цифрлық тарихтың дамуы туралы баяндама жасады, ал «Цифрлық гуманитаристика» бағдарламасының студенттері Р. Жакпекова мен Р. Мұхаметқалиев «Шығыс Қазақстандағы киелі жерлер цифрлық форматта» флип-чарттарын таныстырды.

Қазан университеті ІТ-лицейінің 10 сынып оқушысы И. Аникеев цифрлық зияткерлік ойындарды оқушылардың гуманитарлық пәндерге, оның ішінде тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін қолдану тәсілдерін көрсетті.

«Цифрлық гуманитаристика» студенттері халықаралық дәрежедегі шараға алғаш қатысып, тарих және қоғамтану сабақтарына арналған әзірлемелерін табысты таныстырды. Олар енді сәуірде өтетін жетінші ІТ-фестивальға арналған жобаларын дайындауда.

Бұл іс-шара ШҚМУ мен Қазан университеті және Өңірлік жаңа технологиялар орталығы арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында өткізілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo