- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Студенттер үйлері өздерінің бөлмелеріне орналасқан студенттермен толығуда.
ШҚО аудандары мен Ресей, Оңтүстік Корея, Моңғолиядан келген студенттер № 1,3,4,5 Студенттер үйлеріне орналасуда. Сонымен қатар, алдағы уақытта Қытайдан қосымша 40 жуық келеді деп күтілуде.
№3,4,5 Студенттер үйлерінің меңгерушісі Роза Түсіпбаеваның айтуы бойынша, жаңа оқу жылдарына барлық жатақханалар сақадай сай. Сондай-ақ, жұмсақ жиһаз және үстелдер алу жоспарлануда.
Өткен жылы төсектер мен төсек жабдықтары алынған болатын. Жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Зырян ауданынан келген Екатерина Зайцева мен Динара Дүйсенбаеваның айтуы бойынша, жатақханаларда студенттер үшін барлық жағдай жасалған.
Айта кетейік, жақында республикалық «Хабар» телеарнасы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерінің өмірі мен тұрмысы жайлы репортаж жасаған болатын. Сонымен қатар, университет сайтында фоторепортаж дайындалған.
Баспасөз қызметі