Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша республикалық жастар форумына қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Нұр-Сұлтанда және виртуалды түрде Өскеменде өткен «Адал жастар – еліміздің гүлденуінің кепілі» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жалпыреспубликалық жастар форумына қатысты.

Форум Нұр-Сұлтан қаласындағы М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде өтті.

Сондай-ақ, ШҚМУ студенттері №5 оқу ғимаратындағы «Рухани жаңғыру» гуманитарлық және саяси зерттеулер орталығына жиналып, телекөпірге қатысты, Нұр-Сұлтандағы форум қатысушыларымен онлайн-кездесу өткізді.

Оған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы, ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген, ЖОО студенттері қатысты.

Нұр-Сұлтаннан пікіралмасуға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  төрағасы А. Шпекбаев, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Д. Сүндетбаев, Академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы М. Дәуленов және т.б. шықты.

Басқосуда оқу орындарының студенттері талқылауларға белсенді түрде қатысты.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo