Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев Өскемендегі жоғары оқу орындары мен колледждер студенттерімен кездесті.
Кездесу аясында Тарбағатай ауданындағы бос жұмыс орындарының жәрменкесі өтті. Кездесуге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқуды осы жылы бітіретін студенттері қатысты. Жәрменкеде аудандық мекемелердің бос жұмыс орындары ұсынылды. Олардың ішінде аудан әкімдігі, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әулеметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және аудандық аурухана бар.
Жәрмеңкенің аясында студенттер жұмыс берушілерден қызықтыратын сұрақтарына жауап алды. Тарбағатай ауданының әкімі университетті бітіретін студенттерге, әсіресе «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы бойынша оқуды бітірушілерге қолдау көрсетілетінін баса айтты.
Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі,
"Серпін"штабы