06.03.2019
ШҚМУ студенттері Түркістан облысында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 12 белсенді студенті Түркістан облысының 11 ауданында болып, мектеп түлектерімен кездесті.
Оларға «Серпін» штабының басшысы, қабылдау комиссиясының кеңесшісі-жауапты хатшысы Л. Байжұманова мен тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы Б. Анас жетекшілік етті.
ШҚМУ өкілдері облыстағы 2100 түлекпен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Қазіргі кезде аталмыш топ жұмыстарын Қызылорда облысында жалғастырып жүр.
Баспасөз қызметі