Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері «Үлбі» орталығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясын өткізді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың дефектология, педагогика және психология мамандықтарының 4 курс студенттері Өскемендегі «Үлбі» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясын өткізді. 
Оларға «Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдау» және «Психологиялық кеңес» сабақтары бойынша дәріс беретін оқытушылары Г.К. Қасымбекова жетекшілік етті. Шараға «Үлбі» орталығында қызмет көрсететін психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, дағдарыс жағдайларды шешу жөніндегі әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінде зорлық-зомбылық құрбандары – әйелдер мен балаларға көмек көрсететін психологтар, дефектологтар, әлеуметтік жұмыс мамандары қатысты.
Семинар нәтижесінде студенттердің акцияға сәйкес әзірлеген презентациялары, бейнефильмдері талқыланып, мамандармен пікір алмасты.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo