С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс студенттері мен Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының оқытушылары Г.К. Қилыбаева мен Г.К. Нығметжанова «Үміт» балалар үйіне барды.
Студенттер ерікті түрде жинаған қаржыларына сыйлықтар жасап, түрлі ойындар ұйымдастырып, бөбектерге керемет көңіл күй сыйлады.
«Жәудіреген көздегі куанышты көру қаншалықты бақыт екенін түсініп, өзіміз де ерекше сезіммен қайттық. Келешекте ізгі істер жалғасын таба берсін!» дейді студенттер.
Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы