С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері «Үміт» балалар үйінде қонақта болып, барша балақайларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Іс-шараға тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А.Г. Толамисов қатысты.
Студенттер балалар алдында концерт қойып, оларға сыйлықтар тарту етті. Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері де қонақтарға ән мен жырдан шашу шашты.
Баспасөз қызметі