С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері, «Мейірім» волонтерлық клубының еріктілері Өскемендегі «Үміт» балалар үйінде болды.
Университет белсенділері Жастар жылындағы алғашқы шараларын қайырымдылықтан бастауды жөн көрді. Жастар жылы аясында бекітілген «Ұлтты бастар – руxты жастар» жобасының бір бағыты «Жылы жүрек, жомарт қол – жақсылыққа бастар жол» атауымен қайырымдылық шараларға арналған.
Осыған орай студенттер балалар үйіндегі қаңтарда туған балақайларды құттықтап, торт, сыйлықтар тарту етті, олармен көңілді ойындар және сайыстар өткізді. Балалар да қалыс қалмай концерттік нөмірлер көрсетті.
Ерікті студенттер бұл іс-шараны ай сайын өткізіп тұрмақ.
Сондай-ақ, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері балалар үшін ағылшын тілі курстарын өткізетін болады.
Сонымен қатар, университеттің «Ділмар» дебат клубы балалар үйі тәрбиленушілерінен құрылған дебат командасына жетекшілік етіп, пікірсайыстарға дайындайтын болды.
Білім мен ғылымды, тәрбие мен қайырымдылықты қатар алып жүрген білімгерлерге табыс тілейміз.
Жастар ісі жөніндегі комитет