Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Universum Global мансаптық зерттеуіне қатысты

2018 жылдан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Universum Global (Стокгольм, Швеция) компаниясымен бірлесіп жұмыс істей бастады. Universum – жұмыс беруші брендінің әлемдік көшбасшысы. Компания әлемдегі 200-ден астам университетпен және жұмыс берушілермен әріптестік орнатқан.

Ынтымақтастық аясында 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың сәуіріне дейін 329 университет студенті «Universum Career Test» мансаптық тестілеуден өтті.

Зерттеу нәтижесі бойынша біздің студенттер арасында келесі ТОП-3 мансаптық мақсаттар бөлініп шыққан: тәуелсіз болу, ең жақсы маман атану, тұрақты жұмыс және қаржылық тәуелсіздік.

Сонымен қатар, студенттер университеттің ТОП-5 тартымды атрибуттарын атап өтті: достық және ашық атмосфера, болашақ мансапқа немесе оқуды жалғастыруға жақсы ұсыныс, шетелде оқуға арналған бағдарламалар, студенттері қолдау және табысты түлектер.

Жалпы, Universum есебі 6 блоктан тұрады: Кіріспе, Талант профилі, Университет бренді, Мансап және жұмыс берушінің тандауы, Қосымшалар. Толығырақ ЖОО-ның имиджі туралы, сондай-ақ зерттеуге қатысатын басқа да ірі университеттермен салыстырмалы Universum есебімен университет сайтындағы «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде танысуға болады https://www.vkgu.kz/ru/page/otchety-universum.html

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo