С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 2018-2019 оқу жылынан бастап Philip Morris International және Adidas халықаралық компанияларымен ынтымақтастықты бастады.
Philip Morris International – халықаралық темекі компаниясы, тек Қазақстанда ғана 700-ден астам адам жұмыс істейді. 4 жыл қатарына компания Top Employer Kazakhstan атағын алды. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ның 3 курс студенттері 2 жылдық InCompass тағылымдамасына тапсырыс бере алады, оны аяқтағанган кейін Job Offer алуға мүмкіндік болады. Студенттердін мамандығы маңызды емес, үміткерлер жоспарлау, критикалық ойлау, басым бағыттар құру, жылдам бейімделу және т.б. құзыреттілікке байланысты таңдалады https://www.pmi.com/markets/kazakhstan/ru/about-us
Adidas компаниясы - әлем бойынша 57 000-тан астам қызметкері бар халықаралық компания. Компания «Спорт мансап сияқты: сіз әрқашан алға қадам басасыз!» деген пікірді ұстанады және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттеріне бәсекеге қабілетті жалақы, мансаптық өсу мен кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсынады https://vk.com/rabotavadidaskz?w=wall-27815808_3100
2019 жылдың мауысым айында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Philip Morris International-мен ынтымақтастық аясында Open Day @PMI-ға қатысты. Компания өкілдері өздерінің қызметі, HR саласындағы тәжірибесімен, сондай-ақ өңірлік жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бірнеше жобаларды іске қосу жоспарлары туралы айтып берді.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы