С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Сирек кітаптар қорында «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие», «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандықтарының 3 курс студенттері, сонымен қатар педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының доценті, оқытушы Н. Бенеш болып, әдебиеттер қорымен танысты.
Студенттер назарына әдебиет тарихы және оны оқытудың әдістемесі бойынша мәскеулік және отандық жаңа еңбектер және ескі кітаптар ұсынылды.
Студенттерді, әсіресе, Федор Головановтың коллекциясы таң қалдырды, олар – 30 тілдегі әр жылдары басылған 63 әліппе. Арасында даргин, құмық, армян, мажар, болгар тілдерінде шыққан кітаптар да бар.
Мамандар осыдан 100 жыл бұрын балалардың «Муму», «Конёк-горбунок», «Айвенго», «Робинзон Крузо» сияқты кітаптарды және Андерсен мен ағайынды Гриммдердің ертегілерін сүйіп оқығанын айтты.
Өздеріне қажетті мол мағлұматтар алып шыққан студенттер кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Атап өтерлігі, сирек кітаптар қорында түрлі саладағы журналдар да сақталған.
Баспасөз қызметі