Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері жас жазушы Айзат Рақышпен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика мамандықтарының студенттері жазушы, журналист, «Алтын тобылғы-2018» республикалық әдеби байқауының жеңімпазы, оқу орнымыздың түлегі Айзат Рақышпен кездесті.

  Кеш шымылдығы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Жұлдызай Маратбектің арнауымен түрілді. Жазушының «Мұз үстіндегі қызғалдақ», «Армандастар» шығармаларынан үзінді қойылып, әндер шырқалды.

Журналистика мамандығының 4 курс студенті Әділ Әуезханов жазушымен сұхбат өткізді. Айзат Серікқызы қазіргі әдебиет классигі Әлібек Асқаровтың шығармаларын қызығушылықпен оқитынын тілге тиек етті.

– Шығармаларым халықаралық деңгейде де тиісті бағасын алып жатыр, –  деді жазушы.

Әсерлі кеш соңында кафедра меңгерушісі Сәкен Қасенов жазушыға алғыс білдіріп, студенттер гүл шоғын табыс етті, естелік суретке түсті.

Жібек Қуат,

журналистика мамандығының 1 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo