Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Жастар ісі жөніндегі комитеттер форумына қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №5 оқу ғимаратында Шығыс Қазақстан облысы Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің форумы өтті.

Іс-шараға жастар ұйымдары, өңір кәсіпорындары өкілдері, студенттер қатысты, олардың ішінде ШҚМУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің студенттері де болды. 

Ішкі саясат басқармасының басшысы И. Смиттің айтуынша, облыс тұрғындарының төрттен бірін жастар құрайды, сондықтан олардың алар орны айырықша.

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Серік Жеңісов атап өткендей, Жастар жылында жастар алдында көптеген мүмкіндіктер ашылып отыр.

Ал, «Jas Otan» жастар қанатының төрайымы Маржан Бақыт Жастар ісі жөніндегі комитеттердің партиялық жобаларды іске асырудағы рөлі туралы айтты.

Сөйлегендер қатарында Өскемен құрылыс колледжі оқушылары дербес басқармасының президенті В. Столбовский, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет (Семей) ЖІК төрағасы Е. Айтбергенов, «ҮМЗ» АҚ байыту фабрикасының басшысы М. Байтеряков, «КаzМinеrals»  ЖШС «Жастар» ҚБ жастармен жұмыс жөніндегі маманы Я. Руковская және басқалар болды.

Форумның екінші бөлігінде жастар «Жас Өркен» акциясы аясында І. Есенберлин көшесі бойына көшеттер отырғызып, «ҮМЗ» АҚ көрмесіне экскурсия жасады, сондағы «Жастар одағының» жұмысымен танысты. Кешкі сағат 18-30-дан 20-00-ге дейін Республика алаңының субұрқақ жағында каракоке фестиваль өтті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo