Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері жұмыспен қамту орталығы өкілдерімен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Психология, педагогика және мәдениет факультетінің 3-ші және 4-ші курс студенттері Өскемен қаласы жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен кездесті.

Кездесуде студенттер «Серпін» жобасы түлектерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат алды. Мысалы, облыста жұмыс істеп жүрген түлекке 35 АЕК мөлшерінде көтерме материалдық көмек, бір жыл ішінде үй жалдау, коммуналдық төлемдер төлеу үшін бір адамға 20 АЕК көлемінде ай сайын көмек көрсетіледі.

Еске сала кетсек, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша оқыған түлектер 3 жыл оқыған өңірде жұмыс атқаруға міндетті.

Осы жылы оқу бітіретін студенттер облыста жұмысқа орналасып, мемлекет көрсететін көмектерді пайдалануға ниет білдірді.

 «Серпін» студенттерін әлеуметтік қолдау шараларымен, облыстағы бос орындар тізімімен танысқысы келетін студенттер №1 оқу ғимаратындағы №123 кабинетке келуі тиіс.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo