Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттерімен коронавирустың алдын алу туралы әңгіме жүргізілді

Коронавирусқа жол бермеу шараларының күшеюіне байланысты С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқу ғимараттарында денсаулық пунктінің меңгерушісі С.В. Мальцева коронавирустың белгілері және оның алдын алу шаралары туралы әңгіме жүргізді.

Медиктер ұсынысы – бетперде тағу, гигиена сақтау, қол мен бетті жиі сабынмен жуу, орынжайларды желдету, дезинфекциялау, бұқаралық іс-шараларға қатыспау.

Сырқаттың алғашқы белгілері кезінде (ыстықтың көтерілуі, жөтел, ентігу, тыныс алудың қиыңдығы және т.б.) дереу тұрғылықты жер бойынша емханаға бару керек не дәрігерді үйге шақыру керек.

Еске салсақ, 16 наурыздан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Жоғары колледж білімгерлері қашықтықтан оқытуға көшеді.

Қашықтықтан оқыту бойынша ақпарат университеттің білім беру порталында және ресми сайтында орналасқан https://www.vkgu.kz.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo