Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттеріне арналған мансап күндері жалғасуда

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да бос орындар жәрмеңкесі алғаш рет жаңа форматта ұйымдастырылды.

11 желтоқсанда педагогикалық мамандықтардың 3 және 4 курс студенттеріне арналған Мансап күні өтті.

Іс-шарада «Мансаптық дағдыларды шыңдау» шеберлік сыныбы өтті, мастер-класта студенттер soft skills деген не және оны қалай дамыту керек, тегін мансаптық тестілеуді қай жерден өтуге және өз түйіндемелерін халықаралық стандарт сәйкестігіне қайда тексеруге болатыны туралы білді.

Сонымен қатар, ШҚМУ студенттері Mock Interview сессиясының көмегімен сұхбаттасу дағдыларын тәжірибе жүзінде жалғастырды. Mock Interview сессиясы аясында Өскемен қаласының №5, №6, №24, №34, №23, №3, №47, №29, №42, №48, №43, №16 мектептерінің, Оқу-өндірістік комбинатының, Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директорлары түлектермен жеке сұхбат жүргізді.

Жұмыс берушілер математика, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімдерінің жетіспеушілігін атап өтті.

Мансап күні қорытындысы бойынша әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 4 курс студенттері іс-тәжірибеден Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтуге ниет білдірді. Осы мекеме директоры Асхат Сүттібаев студеттерді ашық есік күніне шақырды.

Жұмыс берушілер ұсынған бос орындар тізімімен танысуға ниет білдірген студенттер №1 оқу ғимараттың №123 кабинетіне келуі қажет.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo