С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да білім мазмұнын жаңарту аясында кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру мен өткізудің жаңа амал-тәсілдерін енгізу бағыты іске асырылуда.
Жұмыс берушілер педагогикалық іс-тәжірибе бағдарламасын әзірлеуге тікелей қатысуда.
Студенттерді іс-тәжірибеге білім беру ұйымының сұранысы мен бос орны есепке алына отырып жолданады. Мәселен, биыл қазақ тілі мен әдебиеті бағдарламасы бойынша сұраныс 7 мектептен түсті: №73 мектеп, Нұр-Сұлтан қ., Оқу-өндірістік комбинат, Өскемен қ., №14 мектеп, Түркістан облысы, №1 орта мектеп, Өскемен қ., Ш. Бәшіков атындағы мектеп, Ұлан ауданы, Ново-Хайрузовка мектебі, Катонқарағай ауданы, Абай атындағы мектеп, Зайсан ауданы.
Студенттердің іс-тәжірибеден өткен соң аталмыш ұйымдарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, облыстың білім беру мекемелеріне мамандарды мақсатты дайындау жүйесі іске асырылуда, яғни студент бүкіл оқу кезеңінде бір ғана білім беру ұйымында іс-тәжірибеден өтіп, кейін сонда жұмысқа орналасуы тиіс.
Үздіксіз іс-тәжірибе тұжырымдамасы білім беру ұйымдарында кафедралар филиалын құру және дуальді оқытуды енгізу арқылы да жүзеге асырылады.
Баспасөз қызметі