Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттеріне арналған Жазғы тіл мектебі басталды

«2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді жетілдірудің Жол картасын» жүзеге асыру мақсатында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 21 мамырдан 31 мамырға дейін бакалавриаттың тілдік емес мамандықтарының студенттерін ағылшын тілінде білім алуға даярлау мақсатында дәстүрлі Жазғы тіл мектебі басталды.

Жазғы тіл мектебінің бағдарламасы ағылшын тілінен өз білімдерін жақсартқысы келетін студенттерге бағытталған. Студенттер жалпыеуропалық стандарттарға сәйкес (CEFR) тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлінді.

Сабақты университетіміздің шет тілдері және аударма ісі кафедрасының тәжірибелі оқытушылары жүргізеді.Оқыту бағдарламасы күн сайын 9.00 дан 15.00 ке дейін 7сағат бойы ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістемелерін қолдана отырып, ағылшын тілінде мәдени шаралар ұйымдастырумен ұштастыра отырып жүргізіледі.

Жазғы тіл мектебінде «Шет тілі: екі шет тілі», «Аударма ісі» мамандықтарының студенттері тьютор болуға тартылған.Олар ағылшын тілді елдердің мәдениетіне байланысты әр түрлі шаралар ұйымдастыруда.

Бағдарлама соңында жазғы тіл мектебіне қатысушыларға сертификаттар тапсырылатын болады.

«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы

Қазақ
× You found a Typo