Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттеріне «Цифрлық гуманитаристика тапсырмаларына арналған картография» семинары өткізілді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығында «Цифрлық гуманитаристика» мамандығының 2 курс студенттеріне және ІТ-технологияларға қызығушылық танытатын «Тарих» мамандығының студенттеріне арналған пәнаралық оқыту семинары өтті.

Семинарға «Алтайтану» ҒЗО директоры, профессор А.Н. Алексеенко, доцент Ж.С. Әубәкірова, доцент Э.О. Столярова, цифрлық технологиялар және модельдеу зертханасының меңгерушісі, PhD докторы А.Б. Нұғыманова қатысты.

А.Б. Нұғыманова «Цифрлық гуманитаристика тапсырмаларына арналған картография» баяндамасын ұсынды.

Ақпаратты графика арқылы берудің маңызы артып келеді. Инфографика, карталар ақпаратты берудің тиімді құралына айналды. Студенттер семинарда мәліметті таратудың түрлі картографиялық тәсілдерін талқылап, қажетті мағұлматтар алды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo