Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттеріне «тігінші» және «аспаз» мамандықтары бойынша кәсіби даярлықтан өткені туралы куәліктер тапсырылды

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде студенттерге «тігінші» және «аспаз» біліктілігі бойынша кәсіби даярлықтан өткені туралы куәліктер тапсыру рәсімі өтті. 

Естеріңізге сала кетейік,  «Кәсіптік оқыту» және «Қайта өңдеу өндірісі» мамандығының студенттері университеттің Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру ресурс орталығы арқылы 2 ай көлемінде қысқамерзімді курстан өткен болатын.  

Студенттерге куәліктерді оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Досым Ерболатұлы тапсырды.

– Жастар жылында біз студенттерге арнап қысқамерзімді курстар аштық. Енді біздің студенттер Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру ресурс орталығы арқылы қысқамерзімді курстан өтіп, өзінің білім бағдарламасы аясында немесе одан тыс жұмысшы мамандықтарын ала алады. Бүгін куәлік алған қыздар мен жігіттер осы курста болашақ өмірлеріне қажетті дағдылар алғанына сенімдімін, – деді ол. 

Сондай-ақ, студенттерді біздің әлеуметтік серіктесіміз «Просто Мария» ательесінің директоры Г. Бейсенова да құттықтады. «Тігінші» мамандығының студенттері осы ательенің базасында өндірістік оқудан өткен болатын. Г. Бейсенова кадрларды кәсіптік даярлықтан өткізу өте маңызды іс екенін атап өтіп, болашақта осы бағытта табысты жұмыс тіледі. 

Куәлік тапсыру рәсіміне КДжБАРО директоры Б.Б. Келгембаева, ЖҒжТФ деканы М.Н. Мадияров, физика кафедрасының меңгерушісі  Г.С. Бектасова, инженерия және технологиялар кафедрасының меңгерушісі Т. Қуанышбеков т.б. оқытушылар қатысып, өз құттықтауларын білдірді.

Студенттер қосымша мамандық алуға жасаған мүмкіндік үшін университет әкімшілігіне алғыс білдірді.

Кәсіби даярлық және біліктілікті  арттыру ресурс орталығы

Қазақ
× You found a Typo