- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 40 студенті 2017-2018 оқу жылдарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын грант иелері атанды.
Грантқа ие болған студенттер "мектепке дейінгі білім беру және тәрбие", "педагогика және әдістеме", "дефектология", "математика", "физика", "химия", "биология", "география", "орыс тілі және әдебиет" және т.б. мамандықтарында білім алуда.
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова студенттермен кездесу барысында гранттар жайлы, сонымен қатар оқу шарттары, университеттегі білім бағдарламалары туралы айтып берді.
Баспасөз қызметі