Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттерінің іс-тәжірибе базалары – мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, фирмалар, қорықтар, ғылыми орталықтар мен институттар

Университет жұмысының маңызды көрсеткіші – түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысы және олардың ірі әрі беделді ұйымдар мен кәсіпорындарда іс-тәжірибеден өтуі, көп жағдайда олар сол мекемелерге жұмысқа орналасып жатады.

ШҚМУ студенттерінің іс-тәжірибе базасы болып мемлекеттік мекемелер табылады – облыстық әкімдік, облыстық департаменттер мен басқармалар, ШҚО прокуратурасы, ШҚО бойынша соттар әкімшісі, ШҚО адвокаттар коллегиясы, Өскемендегі 5518 әскери бөлім және басқалар.

Ірі компаниялар мен кәсіпорындар да іс-тәжірибе базалары болып табылады, олар – Новосібір мемлекеттік университеті (Новосібір қ., РФ), Ұлттық ядролық орталық (Курчатов қ.), «Үлбі металлургиялық заводы» АҚ, «Казцинк» ЖШС, Өскемен ГЭС, Конденсатор заводы, «ГорШахСтройХолдинг» ЖШС, «ШҚАЭК» АҚ, «Өскемен Водоканал» АҚ, «Rating» ЖШС, «Ұн тарту комбинаты» ЖШС, «Защита элеваторы» ЖШС және т.б.

Серіктестер қатарында «Қазпошта» АҚ, «Central  Asia Industrial Company» ЖШС, «Алтай геологиялық-экологиялық институты» ЖШС, «АСС Қорған» ЖШС, «Таврош Иртыш Отельджилик Туризм Йонетимлери А.Ш.» ЖШС, «Алтай экспедициялары» туристік фирмасы, «ShanishkulTur» ЖШС, «SANUR TOUR» ЖШС, «Әлем Агро Trade» ЖШС, «ВК-Аудит» ЖШС, «Восток-Проект LTD» ЖШС, «Инвест-Аудит» ЖШС, «Рейтинг телеком» ЖШС, «Ақпараттық қауіпсіздік орталығы» ЖШС, «UK Монтаж-сервис» ЖШС, «Восток-Азия НТ плюс» ЖШС және басқалар бар.

Сондай-ақ, студенттер банктерде де іс-тәжірибеден өтеді – «Сбербанк»,  «Еуразиялық банк», «Цесна банк», «KaspiBank», «АТФ банк».

Мұнымен қоса, университет студенттері ғылыми-зерттеу мекемелерінде, қоғамдық ұйымдарда, қорықтарда тәжірибе жинақтайды.

Дипломдық жұмыстардың, магистрлік, докторлық диссертациялардың тақырыбы жұмыс берушінің сұранысына қарай таңдалады.  

Іс-тәжірибе базаларын іріктеу кезінде оқу орны ұйымның немесе кәсіпорынның әлеуетін, мүмкіндіктерін жіті қарастырады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo