Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттерінің жобасы облыстық IT-фестивальде жүлде алды

 Облыстық IT-фестивальде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерінің жобасы марапатқа ие болды. Фестивальға қатысқан екі жобаның бірін облыс әкімі үшінші орын иегері деген дипломмен марапаттап, авторларына бағалы сыйлық – планшет тарту етті.

Өскемендегі Спорт сарайында 7-ші «Jastar Time» IT-фестивалі өтті. Фестивальде оқу орнының ректоры Мұхтар Төлеген университет атынан ұсынылған жобаларға жанкүйер болып, студенттерге қолдау көрсетті.

ШҚМУ-дан фестивальге 2 жоба шақыру алған-ды. Екеуі де ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған бағдарламалар жасаумен байланысты. Бірінші жобаның авторлары – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері Айдын Аққазин мен Рауан Мұхамжаров сәуірде өткен «Jastar Time» облыстық IT-хакатонында жасаған қолданбаларын көрсетті. Екінші жоба – сөйлеу қабілеті жетілдіруді қажет ететін балаларға арналған психолог-дефектологтармен бірлесе шығарылған қолданбалы өнім, авторы – «Информатика» мамандығының 1 курс магистранты Қымбат Жеңісқанқызы. Екі жобаның да жетекшісі – Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті Айжан Тілебалдинова.

Ректор екі мектеп оқушысының жобаларына қолдау (грант) көрсетті, соның бірі – №4 мектептің оқушысы Надежда Закусилованың жобасы (жетекшісі – Ольга Гатауллина) облыс әкімі тарапынан да аталып өтіп, оқушылар жобалары ішінде 1-ші орынға ие болды.

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Фото https://cloud.mail.ru/public/26eP/5wtxH6W6A 

Қазақ
× You found a Typo