Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай салтанаты» бастамасын қолдайды

29 қараша күні оқу орнымыздың №1 оқу ғимаратында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай салтанаты» атты бастама аясында студенттер мен ПОҚ арасында 2015-2020 жж. арналған жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Аскар А.А., С.Аманжолов атындағы ШҚМУ академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И.С.Стеблецова, қ.ғ.к.,қылмыстық құқық және қылмыстық жүйе кафедрасының доценті Байркенова Г.Т., жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай А., оқытушылар мен студенттер қатысты.

Іс-шара модераторы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім басшысы Абдрасулин Р.О. болды.

Кездесу барысында   Байркенова Г.Т жемқорлық, жауапкершілік, адалдық, патриотизм ұғымдары арқылы жемқорлық пен жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ұғымдарын студенттерге ашып түсіндірді. Аскар А.А. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендетеді, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуын тежейді» - деп Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы құжатынан мәліметтер келтіріп, құқық бұзушылық әрекеттер болған жағдайда қандай жауапкершіліктерге тартылатындығы жайлы ақпарат берді. И.С.Стеблецова оқу орнымызда ПОҚ пен студенттер арасында жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша мәлімдеме берді.

Іс-шара соңында «Адал бол» акциясы аясында түсірілген бейнематериалдар көрсетіліп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

Идеялық-тәрбие жұмысы жөніндегі маман

Аманжолова Н.

Қазақ
× You found a Typo