14.03.2019 ШҚМУ тарихшылары «Мұрағат-2025» бағдарламасының іске асырылуын талқылады С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Р. Нұрбекова тарих мамандығының студенттеріне кафедра онкүндігі шеңберінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының ізімен» дөңгелек үстелін өткізді. Жиында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көтерілген мәселелер – атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, аң стилі, Ұлы Жібек жолы туралы студенттер мен оқытушылардың бейнематериалдары көрсетілді. Сондай-ақ, тарихи сананы жаңғыртуға орай Елбасы ұсынған «Мұрағат-2025» жетіжылдық бағдарламасының тарихшылар мен деректанушыларға жауапкершілік жүктейтіні, алдағы уақытта университет ғалымдары және тарихшы жастар тарапынан қолдау табатыны айтылды. Қатысушылардың ой-пікірлерінен төл тарихымыздың жаңа парақтарын жарыққа шығару бағытындағы ізденіс-бастамалары сезіліп тұрды. Қазақстан тарихы кафедрасы View the full image View the full image