ШҚМУ телестудиясында «Алтай жастары» ток-шоуының екінші шығарылымы түсірілді, ол – облыстық «Алтай» арнасының, қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының, «Altai jastary» медиаорталығының бірлескен жобасы.
Ток-шоу тақырыбы «Салауатты өмір салты» болды. Бағдарламаны журналист-студенттер Дмитрий Бекарюков пен Карина Мурадова жүргізді.
Ток-шоуға диетолог, фитнес-нутрициолог, «бодифитнес» номинациясы бойынша 2013 жылғы ел чемпионы, IFBB атлеті А.Б. Жаркова, кәсіби тренер-коуч, шешендік өнер бойынша тренер, веган А.В. Алексеева, балалар футбол командасының бапкері А.Р. Рахимов қонақ болды. Сондай-ақ, кикбоксингтен әлем чемпионы, ШҚМУ-дың 2 курс студенті Серікбол Ермеков, армрестлингтен Азия чемпионы Полина Галитовская, Абай атындағы ҚазҰПУ 3 курс докторанты Е.А. Малахова қатысты.
Ток-шоудың толық нұсқасын «Алтай» арнасына шыққаннан кейін, сондай-ақ ШҚМУ сайтының әлеуметтік желілердегі сілтемелері арқылы көре аласыздар.
Баспасөз қызметі