С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «GOLD» тобы Алматы қаласында өткен «JAIDARMAN» ойындарының А лигасында екінші орын иеленді.
Еліміздің әр түкпірінен келген «Байланыс жастары», «Томирис», «Маңғыстау», «ПМПУ» сынды үздік командалар ішінде ШҚМУ тобы жүйрік екендіктерін көрсетті. Әділқазылар Нұржан Тұтов, Jado, Алмат Сақатов, Есен Елеукеннің ыстық ықыласына, көрермен қошеметіне бөленді.
Құтты болсын, жігіттер! Біз сендердей шын дүлділдермен мақтанамыз! Өнер көгінде қанаттарын талмай еркін самғандар!
Жастар ісі жөніндегі комитет