ТОП-15-ке енген С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұлттық бизнес-рейтинг көшбасшысы болып, «Білім беру саласының мақтанышы-2018» атағын иеленді.
Еліміздегі 458155 кәсіпорын қызметіне жасалған тәуелсіз талдау қорытындысы осыны көрсетеді, аталмыш талдау салық және өзге де бюджетке міндетті төлемдер төлеу туралы ақпаратқа негізделген.
Рейтинг нәтижесі бойынша 2018 жылы университет елдегі мемлекеттік кәсіпорындар арасында «Бюджетпен есеп айырысулар өсімі» көрсеткіші бойынша 13 орынды (қола), облыстағы мемлекеттік кәсіпорындар арасында осы көрсеткіш бойынша 2 орынды (күміс) иеленді.
Баспасөз қызметі