Былтыр «Delicious» әнін таныстырған «AMpro & SteepNoise» дуэті, жаңа музыкалық жоба дайындауда.
Жас энтузиасттардың бірінші әні көптің көңілінен шығып, тіпті шетелде өз тыңдармандарын тапқан болатын.
Қазақтың дәстүрлі аспаптары мен заманауи электронды-ырғақты музыканы қосып дайындап жатқан жаңа әндері де өз тыңдармандарын табады деген ойдамыз. Өйткені, олардың әндерінде Отанға деген ыстық махаббат, арманға сену және өмірлік мотивациялар бар.
-Әрине, кейбір композицияларда махаббатсыз, әзіл-қалжыңсыз және басқа да жастар тақырыбынсыз болмады. Дегенмен оның барлығы әзірге дайындық үстінде, - деді ШҚМУ түлегі Алишер Мишелев.
Айта кету керек, жаңа жобадағы ән, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Altai jastary» телестудиясында жазылды.
Толығырақ алдағы уақытта білетін боламыз, әзірге олардың бұған дейін жасаған композицияларын тыңдап көрулеріңізге болады.
www.youtube.com/watch?v=GKel81-77-U
Дуэттің жаңа туындысын асыға күтетін боламыз, оған дейін талантты жастарға сілтеме арқылы өтіп, қолдау көрсетейік.
(www.youtube.com/watch?v=GKel81-77-U)
Шығыс Қазақстанның дарынды жастарының композициялары қалың көпшілікке таныстырылсын!
Баспасөз қызметі