Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ түлегі Азат Сембинов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды

«Қазақстанның Жүз жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпазы, «КВТ Group» ЖШС-нің бас директоры, С. Аманжолов атындағы ШҚУ түлегі А.Т. Сембинов «Ақ жол» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің ең жас депутаты атанды.

Азат қосымша ақша табуды ерте бастады, 13 жастан бастап базардағы сатушының көмекшісі, аула сыпырушы болды.

– Жұмыс істеуге, тиын табуға деген құштарлық болды.  Жұмыс ынталандыру мен серпін берді. Мен мақсат қоюды үйрендім, – дейді ол.

Алдымен ол Қ. Нұрғалиев атындағы колледжді «құқықтану» мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірді, келесі білім алған орны – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Экономика және құқық факультетінің Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы.

Бүгінде Азат Талғатұлы Сембинов – табысты жас кәсіпкер, Қазақстанда және басқа елдерде 200 филиалы бар «KBT-group» IT-компаниясының құрылтайшысы және басшысы. 

Сондай-ақ, табысты бизнесменнің айтуынша, оған үнемі ізденісте болуды М. Әуезовтің «Абай жолы» кітабы үйреткен. 

– Қиындықтардан бас тартпау – бұл жетістіктің дәні, – деп есептейді Азат Сембинов, ал оның ұраны: «Кедергілерді емес, мақсатты ғана көремін». 

Баспасөз қызметі

Сурет Интернеттен алынды

Қазақ
× You found a Typo