Бородулиха ауданының әкімі болып Өскемен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ольга Александровна Булавкина тағайындалды. Ол С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды «орыс тілі мен әдебиеті», «қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген.
О.А. Булавкина 1972 жылы Шемонаиха қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1993 жылы бастаған, 2000 жылдан – мемлекеттік қызметте, алғаш Шемонаиха ауданы қаржы бөлімінің бас маманы, кейін басшысы және аудан әкімінің орынбасары болған. Соңғы жылдары облыс орталығы басшысының орынбасары болды.
9 қаңтарда облыс әкімінің үкімімен Ольга Александровна Булавкина Бородулиха ауданының әкімі болып тағайындалды.
Баспасөз қызметі