Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ түлегі елдегі ең үздік мемлекеттік қызметші атанды

Курчатов қалалық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Раушан Ешекенова «Елдің ең үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

– Мен үшін бұл үлкен мәртебе. Еңбегімді бағалап, кандидатурамды ұсынған басшылығыма ризамын! Отан үшін алда да аянбай еңбек ете беремін, – дейді ол.

«Раушан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды тарих мамандығы бойынша аяқтаған, магистрлік дәрежесі бар. ШҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасында оқытушы, «Нұр Отан» партиясының Курчатов филиалында кеңесші болып еңбек еткен» деп жазады өңірлік Алтайньюс.кз сайты.

2016 жылдың шілдесінде Курчатов қалалық мәслихаты аппараты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып тағайындалған.

Баспасөз қызметі

Сурет Altaynews.kz сайтынан алынды

https://altaynews.kz/archives/93818

Қазақ
× You found a Typo