Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ түлегі Ерлан Саиров ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты атанды

Белгілі отандық саясаттанушы, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ түлегі Ерлан Бияхметұлы Саиров «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты атанды.

Өткен жылдың қазан айында Е.Б.Саиров оқу орнымызға келіп, оқытушыларымен кездескен.

Қонақ өзінің «Жаңғырту очерктері» кітабы және демократияландыру, реформалау, жаңғырту, биліктің өкілді органдарын сайлау сияқты қоғамдағы маңызды құбылыстар туралы пікірімен бөлісті.

– Тұрмыстың басты мәселесі – қоғамдық-саяси өмірді реформалау. Жаңғырту не үшін қажет? Жаңғырту – бүкіл адамзаттың дамуының мәні, кез келген мемлекеттің дамуы мен өмір сүруінің кепілі. Ал жаңғырту үшін жеке ынта қажет, өйткені нақ осы азаматтар мемлекетті құрады. Кез келген заң азаматтар үшін қолайлы болуы тиіс, сонда әлеуметтік және саяси тұрақтылық туралы айтуға болады, – деп атап өтті Е.Б. Саиров.

Саясаткердің айтуынша, бүгінгі күннің тренді – «Басқа пікірге сезімталдық», ал аксиомасы – «Өзгерістерді өзіңнен бастау керек!».

Ерлан Бияхметұлы Саировты ел Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайлануымен құттықтаймыз және оның алдағы депутаттық қызметіне табыс тілейміз!

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo