Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ түлегі Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды

Елорда – Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Ержан Сәденов тағайындалды. Ол 1993 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды тәмамдаған.

Ержан Сапарбекұлы Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

Қызмет жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастайды. 1994 жылы ШҚО ІІБ жедел-іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі болып тағайындалды. 1995-1996 жылдар аралығында ШҚО Өскемен қаласы ІІБ жедел-іздестіру бөлімі жанындағы автокөлікті ұрлау және айдап әкетуге қарсы күрес бөлімшесінің бастығы болды.

01.01.1996-19.03.1996 мерзімдері аралығында ШҚО Өскемен қаласы қылмыстық іздестіру бөлімі мүліктік және нашақорлық қылмыстарды ашу  бөлімшесінің бастығы лауазымында болды.

1997-1998 жылдары ШҚО ІІБ жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу басқармасы іздестіру бөліміне басшылық етті.

1998 жылы ақпан айында  ШҚО ІІБ аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. 1998-2000 жылдар аралығында ШҚО ІІБ аса маңызды істер жөніндегі бөлімнің бастығы. 2000 жылы ШҚО ІІБ Зайсан ауданы ІІО бастығы лауазымына тағайындалды. 2004-2006 жылдары ШҚО ҚІІБ Тарбағатай ауданына ІІО басшылық етті. 2006 жылдың қыркүйек айында ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды. 2008-2009 жылдары ШҚО ІІД Риддер қаласы ІІО бастығы. 2009 жылдың мамыр айында ШҚО ІІД Өскемен қаласы ІІБ бастығы лауазамына тағайындалды. 2009 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары лауазамына ауыстырылды. 2013 жылдан 2015 жылға дейін ҚР ІІМ «Р» Департаментінің бастығы лауазымында өтті. 2015 жылы көліктегі ІІД бастығының міндетін атқарушысы лауазымына тағайындалса, наурыз айында көліктегі ІІД бастығы лауазымына тағайындалды. 2016 жылдың маусым айынан бастап Ақмола облысы ПД бастығы.    

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo