Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ түлегі О. Булавкина ҚР Парламенті Сенатының сенаторы атанды

Бородулиха ауданының әкімі Ольга Александровна Булавкина алдын ала қорытынды бойынша 93,07% нәтижесімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Шығыс Қазақстан облысынан сенатор болып сайланды.

О.А. Булавкина 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1993 жылы бастаған, 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте, ол Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының бас маманы, қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Ал 2019 жылдың 9 қаңтарында ШҚО әкімі Д.К. Ахметовтің өкімімен О.А. Булавкина Бородулиха ауданының әкімі болып тағайындалды. Ольга Александровна «NUR OTAN» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

О.А. Булавкина – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «орыс тілі мен әдебиеті», «қаржы және несие» мамандықтары бойынша екі мәрте түлегі.

Ольга Александровнаны айқын жеңісімен құттықтап, жаңа қызметіңе сәттілік тілейміз!

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo