С. Аманжолов атындағы ШҚМУ тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің «аударма ісі» мамандығының түлегі Шыңғысхан Қабдықалық ресейлік «Танцы на ТНТ» жобасында сәтті өнер көрсетті.
Шыңғысхан Қабдықалық – белсенді, дарынды, мақсатшыл, ізденімпаз, зиялы, стильді жігіт, оны туған университетінде, Өскеменде, шетелде де жақсы таниды.
ШҚМУ-да білім ала жүріп ол академиялық ұтқырлық аясында бір семестр Кореяда оқыған. Ол туралы «Кореяда оқу және корей білім жүйесінің ерекшеліктері» бейнеролигін де түсірген-ді.
– Әлем туған қалаңмен ғана шектелмейді. Енді мен өзге де елдерді көргім келеді. Жаңашылдықтан қорықпаңыздар! – деген болатын ол Кореядан келген кезде.
Жуырда Шыңғысхан «Танцы на ТНТ» тележобасына қатысып, туған қаласындағы экология мәселесін би арқылы көрсетуге тырысты.
– Мен шығармашылық адамымын. Ары қарай өскім келеді, – деді ол қазылар алқасына.
Қазылар «Тамаша!», «Керемет!», «Баурап алдың!» деп баға берді. Шыңғысхан келесі кезеңге өтті. Біз оны құттықтаймыз!
Атап өтерлігі, Шыңғысхан 2017 жылы ШҚМУ-да оқып жүріп «Студенттік көктем мистері» атанған болатын.
«Танцы на ТНТ» бағдарламасына сілтеме: http://ruserialy.net/385-tancy-tnt-novoe-pokolenie-8-vypusk-ot-05-10-2019.html#play
Баспасөз қызметі