Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ түлегі жаңа қоғамдық даму министрлігінің министрі болып тағайындалды

3 шілдеде Елбасы «Кәлетаевты Қоғамдық даму министрі етіп тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Президент сайтында жарияланған Жарлықта «Кәлетаев Дархан Аманұлы Дін істері және азаматтық қоғам министрі лауазымынан босатылып, қоғамдық даму министрі етіп тағайындалсын» делінген.

Дархан Калетаев 1972 жылдың 14 қазанында ШҚО Тарбағатай ауданы Тұғыл (Приозерное) кентінде дүниеге келген.

1994 жылы ШҚМУ-ды тәмамдаған, тарихшы, 1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару жоғары мектебін аяқтайды. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

1995 жылдан Алматы, Астана қалаларында түрлі құрылымдарда, 2002-2008 жылдары Президент Әкімшілігінде еңбек етті, кейін – «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры, Сенат депутаты, ҚР Велоспорт федерациясының президенті, 2018 жылдың 4 сәуірінен Дін істері және азаматтық қоғам министрі.

Баспасөз қызметі

Сурет Интернеттен алынды

Қазақ
× You found a Typo