02.05.2019
ШҚМУ түлегі және магистрі «Талантты ұстаз – дарында балаларға» облыстық байқауында 1 орынды иеленді
Облыстың ең дарынды ұстазы болып ШҚМУ түлегі және магистрі Руслан Исраилов танылды. Облыстық байқауда жеңімпаз атанған ол енді Нұр-Сұлтандағы республикалық конкурста облыс намысын қорғамақ.
Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектепте «Талантты ұстаз – дарында балаларға» облыстық байқауы өтті.
Облыстық білім бөлімі мен «Шығыс» орталығы ұйымдастырған конкурсқа облыстың 42 мектебі қатысты.
Сайыс үш кезеңнен тұрды – өзін-өзі таныстыру, іс-шара өткізу, портфолио ұсыну.
Конкурстың жеңімпазы болып ШҚМУ түлегі, магистр, №17 метептің дене шынықтыру мұғалімі Р. Исраилов атанды.
Бұған дейін ол «Жас педагог – 2019» конкурсында 1 орынды иеленген болатын.
Пресс-служба