С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында түлектер үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ШҚМУ-дың «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының түлектері үшін онлайн-режимде ұлттық біліктілік тестілеуден өту бойынша, кезекті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Кафедра меңгерушісі Г.К. Капышева, жоғары оқытушы А.Л. Козлова соңғы курс студенттеріне кеңес беріп, ұлттық біліктілік тестілеуі кезіндегі пәндер тізімімен таныстырды. Сонымен қатар, студенттерге Өскемен қаласындағы «U-Study» орталығы туралы ақпарат беріліп, тестілеуден өту және тіркелу мүмкіндіктері айтылды.
Баспасөз қызметі