С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №7 оқу ғимараты базасында Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхананың ұйымдастыруымен кезекті университетаралық ғылыми семинар өтті.
Семинар мақсаты – семинардың тұрақты қатысушыларының ғылыми зерттеу нәтижелерін талдау, жаңа идеялар мен ғылыми бағыттарды талқылау.
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ 4 курс студенті Дәуір Кәкімжанов «Болатты электролитті-плазмалық нығайту үрдісі» баяндамасын жасады. Ол осы бағытта жүргізілген жұмыс нəтижелерін баяндап, алдағы зерттеу жоспарымен бөлісті.
ШҚМУ ҰҚ ҰҒЗ ғылыми қызметкері Мәуліт Алмасбек «Трибология міндеттерін шешу үшін Matlab-ты қолдану» бағытында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмысының нәтижелерімен таныстырды.
Семинарға 14 адам қатысты, оның ішінде 8 студент пен магистрант, 6 ҰҚ ҰҒЗ қызметкері.
Семинарда баяндалған тақырыптар талқыланып, зерттеудің тиімділігін арттыруға байланысты пікір-ұсыныстар айтылды.
Студенттер мен магистранттар баяндамашыларды зейін қоя тыңдап, қызығушылықпен өз пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара соңында келесі семинар уақыты белгіленді.
Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхана