Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Ұлы Жеңістің 73 жылдығын мерекелеуге қатысты

Оқытушылар мен студенттер Даңқ мемориалында өткен Жеңіс күнін мерекелеу шараларына қатысты. Олар «Мәңгілік полк» акциясына, «Біз жадымызда сақтаймыз. Біз мақтан тұтамыз» жастардың патриоттық акциясына және өзге де іс-шараларға белсенді атсалысты.

Мерекелеу «Мәңгілік полк» акциясынан басталды, онда туғандарының – ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің, соғыс балаларының фотосуреттерін ұстаған шамамен 15 мың адам Славский жағалауымен Даңқ мемориалына дейін жүріп өтті. Колоннаны үрмелі оркестр сүйемелдеді.

– Жеңіс күнін мерекелеуге облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев, облыс әкімінің орынбасары Әсім Нүсіпова, қала әкімі Қуат Тұмабаев, соғыс ардагерлері Құрмат Рахимов пен Михаил Кравченко қатысты. Мемориал маңында қазақстандық Жеңіс ленталары, Солдат ботқасы таратылды, әскери техника көрмесі, асфальттағы суреттер байқауы, спорттық сайыстар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сонымен қатар, «Император» сауда кешені маңындағы алаңда концерт, «Машина времени» клубы ұсынған ретрокөліктер көрмесі, «Бейбітшілік көгершіні» балалар акциясы өткізілді, тұрғындар солдат ботқасынан дәм тата алды.

Кешкісін мемориалда «Бұл тірілер үшін керек»! театрландырылған қойылымы, 7199 өскемендік боздақты еске алуға арналған «Шырағыңды жақ» дәстүрлі акциясы және мерекелік отшашу болды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo