С. Аманжолов атындағы ШҚМУ басшылығы мен ұжымы Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, академик Марат Мағзұмовты 80 жасқа толуымен құттықтады.
– Сіз – ірі ғалымсыз, сараптамалық қорытындыларыңызды көптеген мемлекеттік құрылымдар қолданады Тәжірибеңіз, біліміңіз біз үшін аса құнды, – деген С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген көпжылдық еңбегі үшін ғалымды Сәрсен Аманжолов атындағы медальмен марапаттады.
Іс-шарада ғалымның ШҚМУ туралы кітабының тұсауы кесілді, ол оқу орнына елу жыл ғұмырын арнаған.
Ардагерді құттықтауға Ардагерлер кеңесінен Л. Әубәкірова, әріптестері, достары келді.
– Сіз – университетіміздің мақтанышысыз, – деді бұрынғы студенті, қазіргі әріптесі профессор Н. Завалко.
– Мұнда 29 жасымда келдім, елу жылда көп нәрсені танып-білдім, – деп естеліктерін айтты мерейтой иесі.
Юрий Ананьев «Мои года – мое богатство» әнін сыйға тартты, студенттер де ән салып, күй шертті.
Шара соңында жиналғандар естелік суретке түсті.
Фото https://cloud.mail.ru/public/5Pah/4J8uUWVtq
Баспасөз қызметі