- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
23 қыркүйегі күні оқу орнымыздың волонтер студенттері «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бағдарламасы аясында ұйымдастырылған мезгілдік сән көрсетіліміне қатысты.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен елімізде алғаш рет өткізіліп жатыр.
Ол үш кезеңді қамтиды: аудандық, облыстық, республикалық. Конкурсты өткізудің мақсаты - ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ отбасыларды, еңбекке қабілетсіз ата-аналарына кәмелетке толған балаларының күтім жасауын паш ету және кеңінен насихаттау болып табылады.
Шара аясында ШҚО-дағы ең үздік әрі дарынды, құрметке бөленген отбасылар марапатталды. Байқауға көп балалы отбасылар, жас отбасылар, шығармашылық және еңбекқор отбасылар қатысты.
Идеялық – тәрбие жұмысы жөніндегі маман
Аманжолова Н.