29 ақпан күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ волонтерлері көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, бірнеше іс атқарды.
Белсенділер күні таңертең тыл еңбеккері Валентина әжейдің ауласын қардан тазалаудан басталды. Ұйымшылдық пен шынайы көңілдің, еңбектің арқасында жұмыс нәтижесін көп күттірмеді.
Ұлдар қар тазалап жатқанда, қыздар «Ақ ниет» балалар үйінде жеткіншектерге арнап мереке ұйымдастырды.
Түстен кейін барлығы жиналып, аз қамтылған көпбалалы Бориковтар жанұясына әлеуметтік көмек көрсетті.
Бұл күн жаңа идеяларға толы, қызықты, бастысы пайдалы болды. Әр студент өзі үшін ой түйіп, тәрбие алды.
Назым Аманжолова,
«Мейірім» волонтерлер клубының жетекшісі